«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Шағалалы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Шагалалы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Адал ұрпақ

«Заң , бала құқығын қорғау» -Дөңгелек үстел

«Адал Ұрпақ» еріктілер клубының жетекшісі : Шаденова Б.Г.

 

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру. Адам құқығы туралы Декларация шарттарын меңгеру.     

 ә) Оқушылардың ой-өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіруін және сөздік қорын молайту.

б) Оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру. Көрнекілігі: Оқушылардың бала құқығы туралы салған суреттері.

Сабақтың түрі:    Пікірталас сабақ.

Қатысушылар: 11 сынып оқушылары

Ұзақтығы: 40 минут

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Бала құқығы туралы қысқаша түсінік. Пікірталас ойын шарты, өтілу жоспары:

I.Сынып оқушылары «Адам» және «Құқық» тобы болып екіге бөлініп, әр топ өз аттарын қорғайды.

II. «Адам» тобы көрініс көрсетеді. «Құқық» тобы көрініс бойынша сұраққа жауап береді.

III. «Адам» тобы «Менің құқығым» тірек сызба арқылы өз ойларын әңгімелейді толтырады.

IV. Біз неге құқықтымыз? Ойыны 2 топқа «Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларация және бала құқығы туралы Халықаралық Конвенция шарттары» бойынша сұрақтар беріледі.  

1) Адам тобы: - Біздің тобымыздың атын «Адам» деп қойған себебіміз Адам – жер бетіндегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы. Қоғамдық қатынастардың негізгі нысаны. Олар 4 мыңнан аса тілде сөйлейді. Адам құқықтары өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастары.

2) Құқық тобы. -   Біздің топ «Құқық». Құқық мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы. Кез келген адам қоғамдағы әрекет етуші болғандықтан заң негіздерін білу оған құрметпен қарау және одан үлгі алу қажет. Құқықты заң қорғайды. Заң құқық талабын бұзғандарға жазалау тәсілін қолданады. Әрбір адамның құқықтық санасы, мәдениеті болуы керек.  

3)  Ақыл-білім жастарда,      Сөз беремін ұландарға!      Әділдікке иемін,      Әділдікке сүйемін.      Жасөспірім жастардың      Тыңдайық білім өнерін.

 4) Көрініс көрсету.

Қайрат мен Сабиттің партаға таласуы.

Автор сөзі: -  Оқу жылының 1-ші күні болатын. 11-сынып оқушылары өздеріне бөлінген сынып бөлмесіне кіріп, әркім 10 сыныпта отырған орындарына жайғасқан болатын, бір уақытта ойына не түскені белгісіз Қайрат орнынан атып тұрып, артта отырған Сабиттің орнына таласты.

Қайрат: -  Сабит, сен бұл партадан тұр, бұл жерге мен отырамын.

Сабит: Неге? 

Қайрат: Сол. Тұр дедім ғой, тұрсаңшы. 

Сабит: Жоқ тұрмаймын, бұл партаға бірінші мен отырдым.

Қайрат: Отырсаң қайтемін, сенің атын жазылып қойған жоқ қой бұл партаға.

Сабит: Сенің де атың жазылып қойған жоқ. Бұл менің орным, саған бермеймін.

Автор сөзі: Партаға таласқан Қайрат айғай салды.

 Қайрат: Тұр дедім ғой, бұл партаға отыруға менің құқығым бар.

Сабит: Менің де құқығым бар, саған ғана беріліп қойды дейсің бе?

Автор сөзі: Партаға таласқан Қайрат пен Сабит төбелесе кетеді.

Сынып оқушылары аң – таң. Төбелесті тоқтату үшін сынып белсендісі Раушан араласты.

 Раушан: Қайрат, Сабит төбелесті доғарыңдар, қазір сынып жетекшіміз келгеннен кейін екеуіңнің дауларыңды шешіп береді.

Автор сөзі: Осы мезетте сынып бөлмесіне сынып жетекшісі келді.

Сынып жетекші(Альбина – мұғалім) Бұл не шу?

Раушан: Апай, Қайрат пен Сабит соңғы партаға таласып, менің құқығым бар отыруға деп дауласып жатыр, қойыңдар десек екеуі де қоймады.

Мұғалім: Қайрат, Сабит сендердің бұл қылықтарың дұрыс емес. Өздеріңнің жеке бастарыңның қажетін ойлап, бір-бірлеріңе тіл тигізу адамгершілікке жатпайды. Әркім өз құқығын дұрыс түсінуі қажет. Әрине, сендердің әр қайсысың оқуға, білім алуға, ойнауға, демалуға құқыларың бар. Бірақ барлық мәселені ақылмен шешу керек.  

 Автор сөзі. Сынып жетекшіміз дауды шешіп, Қайрат пен Сабитке бірінші қатардағы мұғалім үстеліне жақын бір партадан орын иеленуді ұсынады. Ал таласқан орын бос қалды.

Осы көріністен кейін «Құқық» тобына мынадай сұрақ қойылды:

1. Менің құқығым деген ұғымды қалай түсінесіндер?

2. Қайрат пен Сабиттің арасындағы дауды сендер қалай шешкен болар едіңдер?

 1- оқушы:   - Қайрат пен Сабиттің арасындағы дауға тоқталсам  деймін, егер екеуінің біреуі нашар көріп, алдыңғы партаға отырғысы келсе, онда ол оның құқығы деп ұғынған болар едім.

2- оқушы:   - Қайрат пен Сабит отырғысы келген партасы екеуінің ешқайсысына бекітілмеген және бекітілгендігі туралы әлі журналға жазылмаған, себебі бізге орнымызды сынып жетекшіміз әлі бекітіп үлгермеген еді. Сондықтан өз құқықтарын дәлелдей алмайды.

3- оқушы: - Қайрат Сабиттің партасына таласып, өктемдік көрсетті. Ол жай ғана сыпайы түрде орнын отыруға сұраса, Ерлан да берер еді.

4- оқушы:  - Бұл жерде Қайрат Сабитке өктемдік көрсетуге құқығы жоқ.

1) «Адам» тобы сурет салады.

 2) «Құқық» тобы суреттер туралы адам құқығы мен бостандығы туралы Декларация баптарына сүйене отырып жауап береді.

 1- оқушы: - Өз ойымды айтуға, қалған тілімде жазуға, сөйлеуге, оқуға құқығым бар.

2- оқушы: - Мен өзім туып- өскен жерімде тұруға, оны қорғауға, тұратын мекенімді тандауға құқығым ьар.

3- оқушы: - Ең бірінші мен өмір сүруге, оқуға, дем алуға ойнауға құқықтымын.

4- оқушы: - мен өз кітабымды алып, оны оқуға құқығым бар.

5- оқушы: - Тек жақсы істерді істеуге құқықтымын. 4) Біз неге құқықтымыз?

Кубизм ойыны. Сауалға сұрақтар.

1. Құқық деген не? Ж: Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы.

2. Құқық немен қорғалады?

Ж: Заңмен қорғалады.

3. Адам құқығының қорғалуы қай жерде бастау алады және қай жылы?

Ж: 1789ж Франция елінде.

4. Жер бетіндегі әрбір адам қандай құқықтар мен бостандықтарға ие болатының біз қандай құжаттардан көре аламыз?

Ж: Адам құқықтары мен бостандықтары туралы жалпыға бірдей Декларациядан көре аламыз. Ол 1948 ж. 10 желтоқсанда қабылданды.

5. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады?

Ж: БҰҰ (біріккен ұлттар ұйымы)

6. БҰҰ мақсаты не? Ж:  БҰҰ мақсаты: әлемде бейбітшілікті сақтау, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау.

7. ҚР БҰҰ –на қай жылы мүше болып кірді?

Ж: 1992 жылы наурыздың 2-сі

8. БҰҰ адам құқығына байланысты қандай халықаралық шартты қабылдады?

Ж: Бала құқығы туралы Конвенция.

9. Бала болып кімдер саналады?

Ж: 18 жасқа толмағандар болып саналады.

10. Бала құқығы туралы Конвенция ҚР Президенті қай жылы қол қойды?

Ж: 1995 ж Нью-Йорк қаласында 156-шы мемлекет болып қол қойды.

11. ҚР-да жетім және мүгедек балалардың құқығы қалай қорғалады?

Ж: ҚР-да жетім және мүгедек балалардың құқығын қорғауды мемлекет өз қаруына алды және ол үшін 1992 ж «Бөбек» қоры құрылған. Бөбек қорының президенті С.А. Назарбаева.

12. Декларация дегенді қалай түсінесіндер?

Ж: Үкіметтің саяси партияның халықаралық ұйымының аса маңызды мәселесі.

13. Декларацияда адам құқығы туралы не айтылған?

Ж: Барлық адам тең құқылы және азат болып туады. Барлық адамға ақыл-ой берілген сондықтан бір-бірімен бауырмалдық қарым-қытнас жасуларын тиіс деп 1- бапта айтылған.

14. Ар - намыс, абырой - беделге нұсқан келтірсе не істеуге болады?

Ж: Әр адам өз баспанасына жеке және отбасылық өміріне абырой мен атағына басқаның қол сұғуына құқығы бар деп Декларацияның 12-бабында айтылған.

15. Адам құқығы жат елде жүрсе қалай қорғалады?

Ж: Әр адамның құқығы қайда жүрсе де заңмен қорғалады деп Декларацияның 12-бабында айтылған.

16. Адам құқығы қандай жағдайда бұзылады?

Ж: Соғысып жатқан елдерде адам құқығы бұзылады.

17. Біздің елімізде адам құқығы бұзылған қандай кезеңдерді білесіңдер?

Ж: 1937-38 ж қырғын-сүргін, 1932-33ж ашаршылық, 1986 ж желтоқсан оқиғасы.

18. Адам құқығы кімдер қорғайды?

Ж: Қауіпсіздік қызметкерлері. 19. Құқық туралы заңдарды қандай орган шығарады?

Ж: Парламент шығарады.

 20. Декларацияда жарналанған біздің құқықтар мен бостандықтарды кімдер пайдалана алады?

Ж: Декларацияның 2-бабында әрбір адам пайдалана алады делінген.   

Көрініс «Жемқорлықтың кесірінен зардап шеккен .....»

 Мақсаты: Келешек ұрпақтың бүгінгі күні болып жатқан келеңсіз жағдайларды қайталамау үшін, бүгінгі күннен бастап дұрыс тәрбие беру.

Міндеті: Жеткіншек ұрпаққа жемқорлықтың  зиян екенін көрініс арқылы көрсету. Осындай іс әрекетке бармауға үгіттеу.

Қатысушылар: 9-10 сынып оқушылары

Ұзақтығы: 7 минут 1 эпизод 

Автор: Балғатаев Ерболат үлкен мұнай команиясының бастығының өте ерке баласы еді. Ол үшін оқу, білім алу, үйрену деген ұғымдар мүлде қызықтырмайтын, әйтеуір әкесі айтқасын барып келіп , бос уақыт өткізу ғана еді. Медицина университеті. Профессор Мақсат Жалғасұлының кезекті дәрісі. Студенттерден сынақ қабылдау үстінде. - Сәлеметсіңдер ме, студенттер! (студенттер де амандасады).

-Бүгін біз дің тақырыбымыз жүйке жүйесі. Осы тақырып төңірегінде әңгіме қозғаймыз. (қысқашға мәлімет айтып өтеді.

- Тақырыпты ашып болсақ, мен сендерден жыл бойғы өткізілген тақырыптар бойынша қаншалықты меңгергендеріңді байқау мақсатында  сынақ алмақпын. Ендеше мынау тест жұмыстарын орындауға 30 минут уақыт беріледі. (Профессор үлестіріп шығады, студенттер орындайды).

 Тек Балғатаев (байдың баласы) өз бетімен біресе ұйықтап, біресе ұялы телефонына қарап емін еркін отырады.

Уақыт өтеді. Барлығы жұмыстарын тапсырып, аудиториядан шығып кетеді. Балғатаев соңынан келіп тапсырып жатқанда профессор оның тапсырманы орындамағанын байқап, ескерту жасайды. Бірақ Балғатаев оған бас қатырмайды. Себебі арқа сүйер адамы бар - Балғатаев сен мүлде орындамағансың ғой, не бітірдің манадан бері?

- Мақсат Жалғасұлы, онда тұрған ештеме жоқ, бәрін шешуге болады, шешілмейтін мәселе жоқ, солай емеспе,- деп (қомақы суммадағы ақшаны тест тапсырмасының ортасына салып, бірден аудиториядан шығып кетеді). Профессор жан-жағына қарап, қолын бір сілтеп ақшаны төс қалтасына сала қояды.

 2 эпизод.

Арада біраз уақыт өтеді. 

Профессордың отбасында болған жағдай. Анасы өлең айтып, ыңылдап, жоғарыда ілулі тұрған картиналарды орналастырып жүреді. Кенет басы айналып, жерге құлап түседі. Бұны көрген қызы анасына жүгіріп келіп, не болғанын көргенде бірден ұялы телефонын алып жедел жәрдем пунктіне қоңырау шалады.

- Алло, жедел жәрдем, анам есінен танып қалды тез арада жетулеріңіз керек. Мекен-жайымыз, Студенттер көшесі, 23 үй. Жедел түрде жетіңіздер.!  Есі кеткен қаршадай қыз анасының біресе жүрек қағысын тыңдап, біресе беттерін сипалап, есін жидыртуға амал жасайды. Көп кешікпей жедел жәрдем де келеді. Анасын еріп Айсұлу да ауруханаға келеді.

3 эпизод.

-Кабинетінде шіреніп, ұялы телефонын ұшқылап отырған бас дәрігерге медбике жетіп келеді:

- Ерболат Рамазанұлы ауруханаға өте нашар халде әйел адам түсті. Өмір мен өлім арасында жатыр, тездетіп ота жасату керек -, деп шығып кетеді. Бұны естіген Бас дәрігер не істерін білмей, абдырап, біресе көмекшісі Ерсұлтан Бақытбекұлына звандап, біресе стол үстіндегі қағаздардан бірдеңелер іздей бастайды.  Медбике шыдаймай қайтып келіп, аурып жатқан адамға жедел ота жасатуын ескертіп кетеді.

Бұл жолы амалы құрыған Ерболат Рамазанұлы не болса ол болсын деп, ақ халатын киіп кабинетінен шығып, ота жасатылатын бөлмеге кіріп кетеді.

4 эпизод.

Үстіне арнайы халат, басына арнайы шапка, маска киіп алып, қасында көмекші медбикелермен ота жасауға көшеді. Қолына бірінші қай құралды алуды білмейтін, не отаны қай жерінен бастауды білмейтін хирург абдырап сасып қайшы, пышақ, кальпель т.б. алып беруді медбикелерге бұйырады. Ақыры терлеп-тепшіп хирург өз жұмысын бітіреді. Бұны көріп тіл қата алмай тұрған медбикелерде бәрін қате жасағанын түсініп, іштей қиналып тұр еді.  Хирург отаны аяқтап бөлмеден шыға берісі осы еді алдынан кішкентай Айсұлу (әбден жылап-жылап көзі ісіп кеткен) шығып анасының халін сұрайды - Менің анам жақсыма, ота қалай өтті. Енді алдағы уақытта бұндай қайталанбайды ма? Ағай айтыңызшы?? Ерболат Рамазанұлы үндемей маскасын шеше бергенде баяғы ұстазы, профессор Мақсат Жалғасұлын көреді. 

5 эпизод.

Бұны көрген профессор да бірден танып. Қолындағы папкасы жерге түсіп кетеді. - Балғатаев сенбісің?-дейді аң-таң, үрейлі түірмен қараған профессор. Бұны көрген оқушысы абдырап, сол өткен өмірі көз алдына келіп, көкейін өкініш, жанарын қорқыныш кернеп есікке қарай адымдай бастайды. Профессор да өзінің ақша үшін осындай талай құтырғандарға баға қойып, диплом алып бергені үшін іштей өкініп, өзінің істеген істерінің алдына келетінін ойламағанын, енді бәрі кеш екенін түсінгендей болып жерге отыра кетеді. Осы кезде медбикелер де ота жасау бөлмесінен шығады. Бастары салбырап , өңдері суынып кеткен, бұларды көрген Айсұлу жүгіріп келіп анасын сұрай бастайды, 

- Анаңның өмірін сақтап қалдық, бірақ өкінішке орай анаңыз өмір бақиға мүгедек болып қалды,- деп кішкентай қызды жұбатқандай болып өз жөндеріне кетіп қалады. Бұны естіген қызда, қыздың әкесі профессор да естерін жия алмай біразға дейін отырып қалады.

- Әке бұл не болғаны, неге біздің анамыз? Неге біздің ұйып отырған отбасымызға бұндай жамандық келді? Енді мен басқа балалар сияқты анаммен бірге қыдыра алмаймын ба? Анаммен бұрынғыдай бау-бақша аралап жүре алмаймынба? Маған кім қамқор болады? Неге менің анам, - деп әкесін құшақтап бар дауысымен еңіреп жылап жібереді.

Әкесі де есін жия алмай: - Мен кінәлімін бәріне? Мына қолдарыммен алдым емеспе? Не деген адаммын мен? Неге сонша құнықтым? Сол бір жапырақ қағаз үшін көзімді жұмып, талай еріккендердің жолын ашып жүрдім? Сенің анаң емес, мен зардабын шегуім керек еді, анаңның еш кінәсі жоққой, қызым ау кешіре гөр сорлы әкеңді, мен бұл дүниеде оңбай қателестім, - деп қатты дауысымен айқайлап есін жия алмай, өкініші өзегін өртегенін енді сезгендей болады

 Автор: Өмірде түрлі жағдайлар болып жатады. Адам өмірі, бақытты отбасы, бала күлкісі, ата-ананың денсаулығы, бұдан артық бақыт барма. Ойланбай істеген қателіктерің алдыңнан шықпасына кім кепіл. Жемқорлық – жазасы өтелмейтін өте ауыр қылмыс. Келешек ұрпақтың осы бір қылмысты қайталамай, жарқын болашаққа жол сілтеп, бақытты ғұмыр кешіп, өз Отанына пайдасы тиетін мамандар болатынына сенім артамыз!  

Жаңартылған күні: 05.04.2019 15:22
Құрылған күні: 21.08.2022 17:11

Текст