Текст
11.10.2022
Бірінші жалпыкомандалық орынға ие болып, облыстық "Жастар" спартакиадасы аясында "Былғары доп" футболдан облыстық жарыстарға жолдама алды.
06.10.2022
Мектебіміздің ардагерлерін оқушыларымыз қарттар күніне арнайы "Қарттарын қадірлеген ел көгерер" атты құттықтау концерттік бағдарлама дайындап қонаққа шақырды. Бағдарлама барысында оқушылар тәтті күй орындап, қарттарға ән арнап, би билеп, ойындар ойнатып, көңілдерін көтеріп, қарттардың батасын алды. Жақсы тәрбиелік мәні бар кеш өтті.
04.10.2022
"Ақберен" сайысының аудандық кезеңі аяқталды. Оқушыларымыз төмендегідей нәтиже көрсетті: Тюлешова Меруерт, 1-орын. Жетекшісі: Кажыгалиева Г.Б. Мұқиятбек Бақтан, 2-орын. Жетекшісі: Сулейменова Н.К. Әнес Шапағат, 2-орын. Жетекшісі: Идеатова А.К. Тресцова Екатерина, 3-орын. Жетекшісі: Бегалина А.С. Сисенбек Іңкәр, 3-орын. Жетекшісі: Идеатова А.К.
26.09.2022
Кеңес Одағының батыры, академик Мәлік Ғабдуллинді еске алуға арналған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен ашық облыстық турнирде Шағалалы ауылының палуандары Хайнулла Расул 38 кг салмақта 1-орынды, Курбатов Кирилл 26 кг салмақта 2-орынды иеленді. Бапкері: Мусимов Ерлан Маратович. Жарысқа Астана, Көкшетау қалаларынан, Ақкөл, Сандықтау, Жарқайың, Есіл, Біржан сал, Ақжар, Зеренді аудандарынан барлығы 216 споршы қатысты.
26.09.2022
9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылар "Менің кіші отаным" атты Республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңінде "Кішкентай Отанымның тарихы" наминациясы бойынша "Шағалалы ЖОББ мектебінің" 10 сынып оқушылары Тресцова Екатерина және Арман Ерұлан 1-орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: Нуршарип Жәнібек. Және де Мұқиятбек Дарын мен Мейрамбекова Мерей арнайы сертификаттармен марапатталды. Жетекшілері: Нұрмұхан Г.А. және Кабденова А.С. Қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!
19.09.2022
Мектебіміздің "Мектеп президенті" лауазымына үміткерлер.
16.09.2022
15.09.2022 күні отбасы күнін атап өту мақсатында "Әкем, анам және мен" атты спорттық іс-шара өткізілді.
21.08.2022
Вакансия
10.08.2022
Вакансия!
19.05.2022
Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз
Анонс
Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп...