«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Шағалалы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Шагалалы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шағалалы орта мектебінде шахматтан мектеп оқушылары арасында зоналық іріктеу турнирі өтті

23.10.2018

Ең дарынды әрі талапты жас шахматшыларды анықтау мақсатында, сонымен қатар

көркем шахмат ойынын одан әрі дамыту мақсатында 29-30 қыркүйек күндері Зеренді

ауданы, Шағалалы ауылы, Шағалалы орта мектебінде Халықаралық гроссмейстер

Дармен Садвақасовтың кубогына арналған, мектеп оқушылары арасындағы, XIII халықаралық

шахмат турниріне зоналық іріктеу өтті.

         Іріктеуге 9 мектептен мен мен

деген жас шахматшылар білек тіресіп, ақыл-ой сайысында сынға түсті. Жарыс

ережесіне сәйкес әр мектеп жас ерекшеліктеріне қарай, әр топтан 1 ұл және 1

қыздан тұратын 3 топ құрады. Жарыс швейцар жүйесімен өтіп, төрешілер әр топтан

мықтыларды анықтап, 2018 жылдың 13 қазан күні Ақмола облысы, Зеренді ауданында

өтетін райондық іріктеуге жолдамаларды табыс етті.

Жеңіске жеткен оқушыларымызды құттықтай отырып, әрі қарай

да шахмат ойынында болсын, өмірде болсын мол белестерді бағындыруларын

тілейміз.

Просмотров: 328

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст