«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Шағалалы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Шагалалы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сабақты зерттеу – білімді дамытудың жарқын жолы

09.11.2018

Қазіргі

кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте

түсуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Мәңгілік Ел» атты Жолдауында

«Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа

мүмкіндіктер жасауға байланысты. XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді,

білімді және денсаулығы мықты азаматтар» деген болатын.

Қазақстан

Республикасы жалпы білім берудің жүйесін жетілдірудің жаңа кезеңіне қадам

басты. Білім берудегі басты мақсат – жан – жақты дамыған, білімді, өмір сүруге

бейім, өзіндік ой – толғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке

тұлғаны тәрбиелеу. Қай ел болсын, өсіп – өркендеуі, әлемде өзіндік орнын алу

сол мемлекеттің біліміне, білім сапасының жайына байланысты екенін ел

Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауында ерекше айтылуы да

сондықтан.

Жүсіпбек Аймауытов  

атамыздың  «Сабақ беру –

үйреншікті жай ғана шеберлік емес, жаңадан жаңаны табатын өнер» деп айтқандығы біздің

жадымызда үнемі жаңғырып тұру керек. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі – білім

сапасының кілті. Сондықтан мұғалімнің шеберлігін арттыру мақсатында үнемі

курстардан өтудеміз. Сондай курстардың бірі – мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу.

Екі апта бойы тренерлер бізге сабақ барысында зерттеу жұмыстарын қалай жүргізу

керектігін және ол қандай нәтиже беретіндігін оқытты, түсіндірді.

Просмотров: 318

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст