«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Шағалалы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Шагалалы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үш тілдің патшалығы

31.01.2019

«Үш тілдің патшалығы»

«Королевство трех языков»

«The Kingdom of three languages»

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық жоспары мерзімінен бұрын жүзеге асып, Қазақстанды бүкіл әлем таныды.Президентіміз кезекті жолдауында , 2050 жылға қарай қазақ елін әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарынан көргісі келетіндігін нақты айтып өтті. Алайда, осы мақсатқа жетуіміз үшін, ең алдымен, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті, білімді және жан-жақты болуы керек.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді танып қана қоймай, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлей білуі тиіс екендігін айтып өтті. Осы жерге нақтырақ тоқталып кетейік.Қазақ елін бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын, жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек.Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым – қатынас тілі, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі .Басқаша айтқанда, үш тұғырлы тіл идеясын мынадай қарапайым формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренетін боламыз.

Бұл түбегейлі өзгерістер мектеп табалдырығынан басталады. Шағалалалы орта мектебінде  бастауыш сыныптар онкүндігі аясында 2 А сыныбында өткізілген «Үш тілдің патшалығы» атты зияткерлік ойыны өтті. Бұл ойынның мақсаты оқушылардың қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын оятып, тіл үйренуге деген ықыластарын туғызу. Ана тілі мен өзге тілдерді құрмет тұтуға тәрбиелеу. Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау. Оқушылар үш тілде амандасып, топтарының атын және ұрандарын таныстырып кетті. Ойын 6 кезеңнен тұрды. Олар: «Қас-қағым сәт!», «Кел ойланайық!», «Кім жылдам?», «Жеті жұрттың тілін біл!», «Қалт етпей қағып ал, жауабын тез тауып ал !», «Үш тілдің патшалығы». Барлық кезеңдер өте қызықты әрі тартымды өтті. Бұл ойында барлық пәндерден тапсырмалар болды.

 

Қорыта айтқанда, білім алушылардың жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасауға бағыт алып отырған бүгінгі білім беру жүйесінде  әлемдік стандарттар талабының негізгі компоненттерінің бірі деп танылған көп тілділік оқытуға көңіл бөлу заман тапсырысы.

 
Просмотров: 439


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст