«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Шағалалы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Шагалалы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Зерендінің зерленген жерлеріне көз тоймас.

15.09.2019

Зерендінің зерленген жерлеріне көз тоймас.

Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағын шашатын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудағы басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор.   

    Мемлекетіміз Қазақстанда көркі көз тартар көрікті жерлер өте көп. Міне сол баға жетпес көрікті жерлердің бірі  - Зеренді ауылының өңірі.  Көркіне көз тоймайтын,  суреттеуге сөз жетпейтін,  тарихын мыңжылдықтар жасаған жердің  нағыз  жұмағының ең керемет жерлерін тамашалауға  Шағалалы орта мектебінің 21 оқушысы қамтылған бір топ оқушысы саяхатқа шықты.

    Зеренді аудан білім бөлімінің ұйымдастырған бұл саяхаттау бағдарламасына Зеренді ауданының барлық мектептері қамтылған. Арнайы көлік, жетекші мен дәрігерлік көмекші де қарастырылған. Сол кісілердің көмегінің арқасында оқушылар қорқынышсыз еркін орман аралап жүріп «Әулие бұлақ» сарқырамасына жаяу барып, оның мыңжылдықтар жасаған тарихымен, қыр-сырларымен танысты.  Жол-жөнекей Айдабол өзенінің оң жағалауында орналасқан бабамыз Бөгенбай бидің кесенесіне барып, тарихын ғасырлар жырлаған еліміздің би-батырының ерліктерінен хабардар болды.

   Зеренді ауылындағы «Мәди» ертегі үйшігін арлаған балалар өздерін ертегі әлеміне барып-келгендей сезініп, әр-түрлі ескінің қару-жарақ сияқты дүниелерін тамашалады.

   «Табиғат-бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде түсініктер алып, туған өңірінің тарихын ,көркем, таза ауасымен демалып,  тамаша  табиғатының әсемдігінен талғамдық ләззат алған балалардың Зеренді аудан білім бөлімінің бұл саяхатты ұйымдастырғанына алғыстары шексіз. Жәнеде осы саяхатқа баруға үлесін қосқан  Шағалалы округының әкімшілігіне де рахметімізді айтамыз.

   Тәрбиелік мәні зор осындай іс-шаралар көптеп ұйымдастырылса өскелең ұрпақтың нағыз партриот болып өсуіне көп әсері болатынына кәміл сенемін.

 

Шағалалы орта мектебінің аға тәлімгері Шаденова Г.Б

.

 

 

 

Просмотров: 339

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст