«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Шағалалы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Шагалалы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы»

22.10.2019

«Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы»

Шағалалы орта мектебінде ұстаздар күні ерекше өтті.

       Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық.  Мұғалім  барлық  мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып  үйрететін  мейірімді абзал  жандар.  «Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы»  демекші, ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  секілді. Ғылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да, тілінен  бал  тамған ақын  да,  тегеуріні   темір   балқытқан   жұмысшы  да, егін  салған диқан да, мал  бағып   терін   төккен  шопан  да, көк  күмбезінен  әрі  өткен ғарышкер  де  бәрі-бәрі  ұстаздан  білім,  тәлім  алған. Сондықтан ұлағатты  ұстаздарға  бүкіл  адам баласы  құрметпен  бас  иеді, ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

           Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Мұғалімді  халқымыз қашанда ерекше құрмет тұтқан. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалауға болады.

           Жылда жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Ұстаздар күні де күздің үлесіне тиіпті. Міне тағыда бір жылды артта қалдырып, жаңа 2019 оқу жылын үлкен мерекелермен бастап кеттік. Жылда 5 қазандағы халықаралық ұстаздар күні біздің мектепте быйыл  қызықты да естен кетпестей аталып өтті. Өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатынын тағы бір мәрте дәлелдегендей оқушылар таңертең мектепке келген мұғалімдерін, шын жүректен мектеп дәлізінен ыстық шапалақпен құттықтаудан басталған күн  күнұзаққа көңілді өтті. Барлық сыныптар ұстаздарға арнап құттықтау қабырға газеттерін жасап мектеп қабырғаларына іліп безендіріп қойды.         11 сынып оқушылары ұстаздарын төл мерекесімен мектеп қабырғасында соңғы рет құттықтайтын болғандықтан естен кетпестей етіп ұйымдастырды.  Дәлізден кіріп келген ұстаздың алдынан шығып өздері жасаған әдемі гүлдерін тәтісімен бірге «Өміріңіз осы гүлдей әдемі де тәтті болсын» деген тілектермен шуылдап қарсы алды. Әр сынып өз сыныптарын мерекеге сай безендіріп, әр сабақ басталған сайын мұғалімдерін ыстық ықыласпен құттықтап қарсы алды. Бұл құттықтау аздау болады деп 11 сынып оқушылары өздерінің дайындаған көрініс құттықтауларымен әр мұғалімнің сыныбына кіріп тағыда құттықтап кетті. Мұғалімдерімен естелікке суретке түсіп оқушыларда мәре-сәре болды. Олар өздерінің ұстаздарын ата-анасындай  жақсы көретіндерін сезінді.

      Шәкіртерінен  осыншама сый-құрмет алған мұғалімдер күні бойы көңілді көңіл-күй құшағында жүрді. Мұғалімдерге арнайы дайындалған концерттік бағдарламаны тамашалады.

      Еңбегін бағалағаннан басқа ұстазға ештеңе де керек емес қой. Тәрбиелеп отырған оқушыларының осынша ыстық ықыласына ұстаздар қауымы дән риза болды.

           

 

  Шағалалы орта мектебінің аға тәлімгері Шаденова Г.Б

                              

Просмотров: 345


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст