Шағалалы орта мектебінің
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Елмуратова.Б.Б
21-22 қараша аралығында - «Бөбек» Ұлттық ғылыми практикалық білім беру және сауықтыру орталығы, Адамның үйлесімді дамуы институтында «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасы - білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеу және оқыту жүйесінің негізі атты республикалық семинар болып өтті. Семинар Сары Алпысқызы Назарбаеваның дәрістерінен үзіндісімен басталды «Бөбек» орталығының Бас директоры Е.Н.Сакенова қатысушыларды құттықтап, Сара Алпысқызының жүрек жарды хатын оқып берді одан әрі қарай орта білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған «Жүректен жүрекке» педагогикалық шеберханасымен жалғасын тапты. Шеберхана қызықты да,өзара пікір алмасумен өтті. Бастауыш сыныптардағы сабақтарды интеграциялаудың мысалдары ұстаздар қауымына терең ой салды.Сыныптан тыс жұмыстарды өткізу мысалдары айтылды. Семинардан қатысушы ұстаздардың алары көп болды.Мұғалімдер еркін пікір алмасып,бір бірімен тәжірибе алмасты.Бұл шара рухани адамгершілік білімнің шексіз шетсіз екеніне тағы бір көз жеткізгендей болды.