«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Шағалалы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Шагалалы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Зерде ойыны

01.02.2018

Мақсаты : бастауыш сынып оқушыларының алған білімдерін саралау,

ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе жұмыс істеуге және

алғырлыққа ,шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Негізгі бөлім

Білімменен тәнті етеді тектілер,

Мұратына білім алды жеткізер.

Бар ізгілік тек біліммен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар.,- дей келе «Зерде» ойынын бастайық. Ендеше сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерді қошеметпен ортаға шақырайық.

Әр топ өздерінің аты және ұранымен таныстырады.

1. «Достық» тобы

Ұраны : Достық тобы алға,

Биіктерге самға,

Достығымыз барда

Жүреміз тек алда !

Бүгінгі сайысқа қандай дайындықпен келдіңдер және не күтесіңдер?

2. «Болашақ» тобы

Ұраны : Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сайыста жеңіске жету үшін не істейсіңдер ?

Олай болса сендерге сәттілік тілеймін.

Ойын 5 кезеңнен тұрады. Топтар әр кезеңнің қорытындысы бойынша ұпай жинайды. Бесінші  айналымнан кейін көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.

Бірінші  айналым «Білгенге маржан» деп аталады. Бұл айналымда топтарға сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа  1 ұпайдан алады

Алдымен осы айналымды бастайтын топты анықтап алайық.

Ол үшін «Су- ли- фа» деп аталатын ойынның көмегімен анықтаймыз. Ортаға әр топтың көшбасшыларын шақырайық.

« Достық » тобына

1.      Қыс айларын ата. ( желтоқсан, қаңтар, ақпан).

2.      Өмір сүру үшін адамға не қажет ? ( Ауа )

3.      Іс тігетін құрал не? ( ине)

5.      Бір жылда неше ай бар ? ( 12 )

6.      Не оттан да ыстық ? ( Отан )

7.      Көктем айларын ата. (наурыз, сәуір, мамыр).

8. Ауаға жұпар иісін таратып,айналаға көрік беретін не ? (гүл)

9.    Массаның өлшем бірлігі

10. Атаңа не қылсаң , ....

  « Болашақ » тобына

 1.  Өлі табиғатқа не жатады? (тау, тас, т.б.).

2.    Абай Құнанбаев кім? (ақын).

3.   Екі шеті тұйықталған сызықты не дейміз ?

4.   «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін кім жазған ? 

5. 1 сағатта неше минут бар ?

6. Қ Р президенті кім ?

7. Неше жыл мезгілі бар ?

8. Өсімдікті топыраққа бекітіп ұстап тұратын не ?

9. Бірде дауысты, бірде дауыссыз болатын дыбыс ?

10. Уақыттың өлшем бірлігі

Күлме досыңа, ....

Әр дұрыс жауапқа фишкалар беріледі.

Іші толған әріпке дүниедегі жарық не ?

Болашаққа жол ашар , бұл – сүйікті Әліппе !

демекші «Әліппе » кезеңіне өтеміз.

 Әр топқа қазақ әліппесінен кез-келген бір әріп беріледі. 1 минут уақыттың ішінде сол әріптен басталатын сөздерді қағазға жазулары керек.. Нәтижесінде барынша көп сөз жазған топ жеңіске жетеді.

« Достық » тобына «қ» әрпі, « Болашақ » тобына «к» әрпі.

Әр сөзге 1 ұпайдан беріледі.

 Үшінші  айналым – «Математик» деп аталады.1 минутта қай топ көп

есеп шығарады. Әр есепке 1 ұпайдан беріледі.

Төртінші айналым – «Құрастырма сурет» Қиылған суреттерді

құрастырып, тақырып қою керек.

Сюжетті сурет құрастырылып, тақырып қойылса , 1 ұпайдан беріледі.

Бесінші айналым - «Жұмбақтар» Әр топқа үш жұмбақ беріледі.

Жауабын үш тілде айту керек. Жұмбақ жауаптары сиқырлы

кітаптан алынады. Жұмбақ жауаптары шешіліп, жауаптары үш

тілде айтылса , әр жұмбаққа 1 ұпайдан беріледі.

Қысқа таяқ дiңi бар,

Шиырлаған iзiнде

Сайрап тұрар тiлi бар.   ( Қарындаш ,pencil )

Ойларынды аңсаған,

Асыл сөздi ақ алаңға,

Түсiруден шаршаған,

Мен емеспiн әмәнда.   (Қалам,pen )

Дегенімді жасайтын

Қалған тамағымды асайтын

Ертіп алып жетектеп

«Немерем» деп атайтын ( Әже,grandmother )

Жұқа тақтай бөлшегi,

Ұзындықтың өлшемi.    (Сызғыш,ruler )

Ұшымен қазық

Тор көздi жазық.

Үстiне өттiм,

Асыл сөз жазып.    (Дәптер,copybook )

 

Оқу-бiлiм аспабы,

Қоймасының бас қабы.

Бөлмесi де бiрнешеу,

Тиегi бар ашпалы.    (Сөмке,bag )

 

Айтары мол ғұлама,

Көп жасасын бұл адам,

Әкесі ол әкеңнің

Білер оны сұраған.

Ол кім?  (ата,grandfather )

« Оқуда озат боламын» әні

Ойынға қатысқан оқушыларға эмблемалар беріледі.

Екі топ бір- біріне тілек айтады.

Қорытынды.

Просмотров: 306

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст