«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Шағалалы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Шагалалы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жағымды жаңалықтарға толы күн!

02.02.2020

Жағымды жаңалықтарға толы күн!

     

         2020 жылдың 1-ші ақпаны, біздің мектеп үшін, жағымды жаңалықтарға толы күн болды. Шағалалы орта мектебімен қоса басқа да мектептер қатысқан, аудандық конкурстар мен жарыстардың қорытындысын барлығымыз қадағалап отырдық. Әсіресе қазақ тілі, әдебиет және музыка пән мұғалімдері өз дайындаған оқушыларын «Жарқын болашақ» конкурсына аттандырып, тағат таппай отырған болатын. Оқушылармыз да өз ұстаздарының сенімдерін ақтап, жүлделі орын мен номинация жеңімпаздары ретінде бізді қуантты. Ұстаздарымыз да бірінен кейін бірі өз қуаныштарын What’s app желісі арқылы бізге жеткізді.

         Сабит Нұрсұлу "Жас қаламгер" номинациясы бойынша эссе жазудан 3-орын, Абдрахманова Диана "Бейнелеушілер" номинациясы бойынша 2-орын, "Сөз шеберлері" номинациясы бойынша Ғабиден Нұрасыл 2-орын, Тресцова Екатерина 3-орын, "Әнші-бұлбұлдар" номинациясы бойынша Гордиевская Сабина 1- орын.

         Жаңалықардың бірінен кейін бірінің өсу ретімен келуі, бұл күнді одан әрі шырайландыра түскендей болды! 3-ші орын, 2-ші орын және ақырында барлығымыз күткен 1-ші орын туралы жылы хабарды 9 «Б» сынып оқушысы Гордиеская Сабина жеткізді. Сонымен конкурс қорытындысы бойынша біздің мектеп өз қанжығасына 5-жүлделі орынды байлады.

         Сонымен қатар осы күні «Жастар» Спартакиадасы шеңберінде ДЮК «Жігер» базасында, жасөспірімдер арасында баскетболдан аудандық жарыс өтті. Лайықты түрде қарсылық көрсетіп, білікті командалық ойын арқасында,  жүлделі екінші орын иеленген спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Және де мектебіміздің 10 «А» сынып оқушысы Савит Абай «Үздік шабуылшы» мадақтамасымен марапатталды.

         Міне, бұл күнді нұрландыра түскен, тағы бір жағымды жаңалық! Жарайсыңдар!

         Әсіресе біздің политехникалық цикл ӘБ, жарысқа қатысқан оқушылар мен оларды дайындаған, мектебіміздің жас маманы, Әбдікәрім Жансүгір үшін екі есе қуанышты.

         Әрине, осындай көңіл-күй шарықтап тұрған сәттерде, біздің мектеп оқушылары мен оларды дайындаған ұстаздарымыздың жетістіктеріне, біз – оқушылар, ата-аналар, әріптестеріміз болып, өте қуаныштымыз! Болашақта тек жеңістер мен сәттілік тілейміз!

 

Технология мен к/еңбек пән мұғалімі Туребекова Б.У.

Просмотров: 314


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст