«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Шағалалы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Шагалалы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Соңғы жаңалықтар

21.04.2020

 

Соңғы жаңалық

    Әр мұғалім, әр бала оқу жылының аяқталуын асыға күтеді. Біз де соңғы тоқсанға келдік–ау, бірер уақыттан кейін жылдағыдай кезекті демалысымызға шығамыз деп жүргенде биылғы оқу жылының аяқталуы ойламаған жерден күрт өзгерді. Аяқ астынан елімізде пандемияға байланысты карантин жарияланып, білім жүйесіне қашықтықтан оқыту жүйесі  енгізілді. Басында,айтары жоқ, дағдарып қалғанымды жасыра алмаймын. Жалғыз мен емес, ондай әр адамның бойында болды. Әртүрлі аймақтардан мұғалімдербірігіп,WhatsApp желісі арқылы топтар құра бастады. Көштен қалмайын деп, мен де өзіме қарасты сыныптар тобына тіркелдім.Сол күннен бастап ұялы телефоным бір сәт те дамыл таппады. Күніне 800-1000 хат келіп, жұмысымыз күннен күнге ауырлай түсті. Әркім әр түрлі болжам айтты.Еліміздегі төтенше жағдай, короновирус,пандемия, видеосабақ, платформалар,т.б. бұрын-соңды сирек еститін терминдереді. Ұялы телефонымызға түрлі ақпараттар толассыз келіп жатты. Жаңалықтарды оқып, елеулі  тарихи сәттің куәсі болып жатқанымды түсіндім.

Бірақ бұл жағдайға қарамастан біз сабағымызды үйде жалғастыратын болдық. Оқушылар да біз де қашықтық оқытуға осылай бір-ақ сәтте көштік. Енді оған видеосабақтар арқылы дайындаласыңдар деген хабар жетті. Толып жатқан топтардың ішінде өзіме бұрыннан таныс әрі ыстық Зеренді ауданының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің  тобымен байланысқа шықтым.Бұрын аудан мұғалімдері өзара тажірибе алмасып, бір-бірімізге көмектесіп жүретінбіз.Әріптестеріммен хабарласып, бірігіп сабақтар жасамақшы болып шештік.  Жұмыс басталып та кетті. Әуелі видеосабақтың құрылымымен танысып алдық.Үлгі бойынша әр мұғалім бір-екі сабақтан жасап, жасаған сабақтарымызды ортаға салдық. Сабақ мақсатына бағытталған мазмұнды да, қызықты сабақ құрайық деген шешімге келді. Уақыт өтіп жатты, мұғалімдер күннен-күнге сабақтың түр-түрін жасап дамыл таппады. Жас мұғалімдер жасалған сабақтарды жүйелеп сынып-сыныпқа бөліп жатса,тәжірибелі ұстаздар өздерінің ақыл-кеңестерін айтып, жол көрсетіп жатты. «Бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығарып» 4-тоқсанға да дайын болдық.

Ұжыммен жасаған жұмыс қызықты, тиімді, сапалы болып шығады екен. Бірі білмегенді бірі түсіндіріп, сыпайылық танытып,шаршамай-шалдықпай, түсіністікпен көп жұмыс атқардық.Осы орайда әріптестеріме алғысымды білдіргім келеді. Оларға еңбекте шығармашылық табыс,отбасында бақыт, білімді шәкірт тілеймін!

 Бүгінгі таңда қашықтық оқытудың пайдасы ақпараттық-коммуникативтік технологияны заманға сай меңгеріп, өз-өзімді жетілдіру үшін іздене бастадым. Бұл да әріптестерімнің арқасы.  «Жалғыз аттың шаңы шықпас» дегендей, бір өзім не өндіре алар едім?

         Енді сол дайындалған сабағымызды беру үшін оқушыларымызға асықтық.Өзара сағынысып қалған мұғалімдер мен оқушылар түрлі желілер арқылыбір-бірімен қауышты.Ата-аналар мен оқушылар да сабаққа дайындық жасап үлгерген екен, еш қиындықсыз  жіберген материалдарды алып, тапсырмалар орындай бастады. Біз тапсырмалардың орындалуына кері байланыс бердік. Арасында әріптестеріммен де байланысып, жаңа форматта жүргізіліп жатқан сабақтардың қарқынымен танысып отырдым. Барлығы риза, барлығы көңілді.Манағы үрейден арыла бастағандаймыз. Оқушылар аса ұқыптылықпен құрылған сабақтардан дәріс алып, білімдерін толықтырып жатыр.Сөйтіп, тағы да бір реформа жүзеге асып, білім жүйесіне еніп кете барды.

         Осы жолы жинаған  тәжірибем біраз жылға азық болары сөзсіз.Видеосабақтардың арқасында жаңартылған білім жүйесінің қыр-сырын меңгердім.Осындай реформалар мұғалімдерді жігерлендіріп, біріктіріп, қызықтыратынын түсіндім.Тек еліміз тыныш,деніміз сау болса екен деп армандаймын.Ұстаздық өмірдің қаншалықты бағалы да қасиетті екенін әріптестерім, оқушыларымыз , ата-аналар  бұрын да бағалайтын, енді тіпті жоғары құрметтейтінін іштей сеземін...

«Шағалалы орта мектебі»КММ-сінің

 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Идеатова А.К.

Просмотров: 229


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст