«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Шағалалы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Шагалалы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қашықтықтан оқыту — уақыт талабы

03.05.2020

Қашықтықтан оқыту — уақыт талабы

 

Оқушылар төртінші тоқсанды 6 сәуірден, қашықтықтан оқыту форматында сабақты  бастады . Оған біздің мектеп мұғалімдер тыңғылықты дайындалды.

 Қашықтықтан жұмыс жасау мұғалімдерге оңай болған жоқ. Дегенмен, мұғалімдер өз тәжірибесінің,  білімінің, шеберлігінің арқасында  бұл жұмысты  жүйелі түрде орындай білді .Қашықтықтан оқытудың әдіс-тәсілдерін жақсы меңгеріп , өздерінің цифрлық ресурстарды  жақсы меңгергенін  дәлелдей  білді.

Мұғалімдер оқушымен  ата- анамен тіл табысып, ортақ шешімге келіп кері байланыс орната білді. Ауылдық  мектеп  болсақта мұғалімдер  және оқушылар интернет байланысы қолжетімді болған соң қашықтықтан оқыту жүйесі қиындық тудырмады. Мектебіміздің  мұғалімдері  сабақтарын түрлендіріп  қызықты өткізе білді. Оқушылар да қашықтықтан оқыту жүйесіне үйреніп дағдыланды. Оларға мұғалімдер берген тапсырмаларды үйде отырып орындау ұнайды. Мәселен, оқушылар үшін карантин болғанымен білім алу жүйесі  тоқтап қалған жоқ, керісінше  сабақ  бір жаңа форматта  жүйелі түрде өтіп жатыр.Олар әртүрлі видео сабақтар, аудио жазбалар, презентациялар  қарайды . Бұл оқыту жүйесі оқушылардың көңілінен шыққаны байқалады. Қашықтықтан оқыту жүйесінде  АӘД, денешынықтыру , көркем еңбек, музыка пәндері де бар. Осы пәндерден оқушыларға  тапсырма бергенде қызығушылық танытып, белсенді қатысады.

Осы  пәндерден  оқушыларға  қызықты оқыту материалдары  беріледі.

Бұл материалдарды  орындау барысында оқушылар  аталған  пәндерге деген  ынта қабілетін  арттырады. Бұл  аталмыш  пәндерге оқушылар

әрқашан  белсенді қатысады.

 

Ұстаз-дана, ұстаз-дара,

Құрметтеп пір тұтады барлық бала,

Көсем, шешен, данышпан  ұстаздан  білім  алған,

Ұстазсыз білім-ғылым  бәрі  жалған.

 

-демекші,  мұғалім оқушыларға білім  берудің қай тәсілін  қолданса да, әрқашан  оқушыларға  білім мен  тәрбие беруден  жалықпаған.

   

 

                                               Шағалалы орта  мектебі   КММ

                                               Көркем еңбек  пәнінің  мұғалімі :           Тологон.Сабит

 

2019  - 2020 ж

 

 

 

Просмотров: 245


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст