«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Шағалалы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Шагалалы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен Шағалалы орта мектебінде «Рухани-адамгершілік тәрбиенің негізі ретінде ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті.

03.04.2024

Семинарға «Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу және инновациялық қызмет бөлімінің басшысы Кожахметова Слушаш Тельмаевна ,Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің басшысының м.а. Рахимжанов Дастан Толыбаевич қатысты.
Мектеп оқушылары семинарға қатысушы қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынып, облыстық семинарды ашты. Ақмола облысы бойынша мектеп мұғалімдері үйірме жұмыстарын тиімді ұйымдастыру: іс-әрекет, тәжірибе, ізденіс», «Оқу-тәжірибе мен ұлттық спорт алаңы – тәрбие көзі» тақырыптарында жаңа заман баласының бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіре отырып, еліміздің патриот жастарын тәрбиелеуді мақсат тұтқан ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңы марапатқа ұласып, жақсы әсер, керемет көңіл-күймен аяқталды. Ұстаздардың ойына ой салатын, шығармашылығын шыңдайтын, ізденіске бастайтын, мектептегі жолға қойылған жұмысты одан әрі жандандыруға түрткі болатын осындай керемет жұмыстар, тәжірибе алмасулар,семинарлар жалғасын табатын болады.

 

Просмотров: 491


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст