«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Шағалалы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Шагалалы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік парақшаларымыз

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қыс қызығы-сырғанақ

06.03.2018

Қыс. Бұл мезгілінде

адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. «Қыстың

көзі қырауда» деген халқымыздың тамаша сөзі осы бір мезгілді айна-қатесіз баяндап

тұрғандай немесе Абайдың «Ақ

киімді, денелі, ақ сақалды…» деп келетін өлең жолдары да қыстың басқа жыл

мезгілдерінен ерекшелігін паш етеді.

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр

маусымға тән сейіл-серуені де болады. Жазда адамдар суға шомылып, күнге

қыздырынса, қыста шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет

түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты сәттер де өз алдына бір

әңгіме. Барлығы қыстың суықтығын емес, бейнебір жылы нұрын, ыстық тартар

сәулесін тауып алғандай қуанысады. Биік қыраттан төмен қарай аппақ қардың

үстінде ізін қалдыратын шанасымен ызғиды.

Қаңтар айының алғашқы күндері, міне, осындай қуанышты

шақтарға толы. Күн сәулесі Жер-анаға шуағын төгіп, барша адамдарды өзінің жылы

нұрына бөлеп, қысқы суықтың бетін қайтаруға бел шеше кіріскендей. Алыстағы таулы

қыраттардан арқан бойы ұзап шыққан дала құстары әсем табиғаттың осынау ғажап

шағына мейілінше құмарта қанат қағады. Табиғаттың әдемі мезгілі қыстың ерекше

көрінісімен өріле түскен.

Оқушылар осы бір сәтті асыға күтеді. Шаңғы теуіп, шанамен сырғап  мәре-сәре боп ойынап жатыр.Даланың табиғаты

тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Қыс

мезгілінің аязды күндерімен де қоса, ерекше бір жылылық сыйлайтын күндері аз

емес. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге

түскендей, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

Просмотров: 338

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст